ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ШАРАСЫ ӨТУДЕ

162

Ордабасылық полицейлер ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында аудан көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу аясында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Жиынның мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау.

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Іс-шара барысында жалпы 87 құқықбұзушылық орын алды. Соның ішінде ҚР ӘКБтК 440-бабымен 17 мас халде қоғамдық орында жүру, 8 ұсақ бұзақылықтар, 28 жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орыннан өту құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.