БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІРКЕЛІМІ ТӨМЕНДЕГЕН
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің 2023 жылдың 3 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындылары мен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары бойынша жедел кеңес өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Б.Айтпаев төрағалық етті.
Есеп беру баяндамаларында көрсетілгендей, Бәйдібек ауданында жыл басынан жалпы 18 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға азайған. Ал қылмыстардың ашылуы 100% құрайды. Аудан полицейлерімен
3 айда 2743 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Салынған айыппұлдарды өндірілуі 68,2%-ды құрайды.
Бұл туралы Бәйдібек аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары жеткізіп, атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есептері тыңдалды. Өз кезегінде полиция полковнигі Б.Айтпаев жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бағытында жұмыс нәтижелері ай-сайын сараланып, кемшіліктерді жою жұмыстарды ұдайы ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар полицияға деген азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал ету шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырды. Жиын соңында жеке құрамға «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» бейнероликтер көрсетілді.