ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС 43,9%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

228

Шардара аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы Полиция Департаментінің Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітханның төрағалығымен 2023 жылдың І-тоқсанында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары талқыланды. Кеңес барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Осы ретте айта өтсек, аудан бойынша тіркелген қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 43,9%-ға төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс саны 54%-ға болса, бөтеннің мүлкін ұрлау мен оның ішінде мал ұрлығы 40%-ға азайған.

Бұдан басқа аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азайту, жүргізушілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың ережелерді сақтауын қадағалау мақсатында, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

Шардаралық полицейлердің 3 айда атқарылған жұмысын тыңдап, қорытындылаған полиция полковнигі С.Сейітхан жеке құрамға, қылмыс пен құқық бұзушылыққа тосқауыл қоюда үнемі алдыңғы шепте қызмет етуге шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы күн тәртібінен түспеуін тапсырды.