1200 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР АЛДЫ ЖӘНЕ МЕРЕКЕДЕ 65 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

207

Шымкентте өткен жылы тұрғын үйге мұқтаж 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. Ал биыл мегаполисте жыл басынан бері баспана кезегінде тұрған 1293 азаматқа жаңа пәтердің кілті табысталды.

Қоныс тойын тойлаған шымкенттіктер пәтер құжатын ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы рәсімдеді. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша берілді.
Атап өтсек, бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады.
Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез келген азаматқа өтінім беруге мүмкіндік бар.

Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанаға қол жеткізді. 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.

Жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан. Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.