ОЙЛАНБАЙ ІСТЕГЕН ӘРЕКЕТ ОРНЫ ТОЛМАС ТАБИҒАТ ШЫҒЫНЫН ӘКЕЛЕДІ

369

Өрт – тілсіз жау. Айтып келмейтін апат табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті бұзады, табиғатымыздың таптырмас байлығына үлкен зиян келтіреді.

Десек те, орман мен дала өрттінің тұтануына, көбіне, адамдардың алаңғасарлығы, немқұрайлығы мен жауапкершілігінің төмендігі себепші болып жатады. Ойланбастан тастаған темекі тұқылы, демалыста сөнбей қалған от, шыны сынықтары, бәрі-бәрі орны толмас табиғат шығынын әкеледі.

Дала мен орман өртінің алдын алу және табиғатқа материалдық залал келтірмеу үшін маңызды ережелерді есте ұстаған абзал:

— жазғы маусымда, құрғақ, ыстық және желді ауа райында елді мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға жол бермеңіз;

— желді күндері қоқыс қалдықтарын өртеуге болмайды және қалдықты тұтатқанда күн райы өзгерсе, оттың толық сөнгеніне көз жеткізіңіз;

— елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезіңде тазартылып тұруы қажет;

— от жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында әнгіме жүргізіңіз;

— темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіз.

Егер Сіз, дала өртінің куәгері болсаңыз, жауапкершілік танытып, өрт сөндіру бөлімінің «101» телефон нөміріне шұғыл түрде хабар беріңіз.

Айта кетейік, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Республикасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстерінде сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Б.ӘБІЛҚАСЫМ,
Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты