ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АКЦИЯ ӨТКІЗУДЕ
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында жол қауіпсіздігінің алдын алуға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған «Жол-көлік оқиғаларынсыз бір ай» акциясы өткізілуде.
Мәселен Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төрехановтың басшылығымен полицейлер халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы баннерлер мен «LED» экрандарына ақпарат орналастырды.
Сонымен қатар акция аясында тәртіп сақшылары Сайрам ауданының Ақсукент кентінде «Жолда қабылдау» өткізіп, онда тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жүргізушілерді жолдарда өте мұқият болуға шақырды және 240 данадан астам жаднама таратты.
Түркістан облысы ПД ЖПҚ бастығы А. Төрехановтың айтуынша, бір айға жоспарланған акция бұдан кейін де өз жалғасын табады. Бұл шара облыс жолдарында болатын жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді.