ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖАСӨСПІРІМ» ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

142

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 7-9 маусымы аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты-кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау.

Іс-шара барысында ювеналды полиция қызметкерлері білім беру бөлімімен бірлесіп, көшелерде, аулаларда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орталықтарында рейдтер жүргізуде.

Мәселен полицейлер «Жасөспірім» шарасы басталғаннан бері 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 7 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 9 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен (қоғамдық орында мас күйінде болу) 2 және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен ( түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілі жоқ) 273 құқық бұзушылық.

Сондай — ақ ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне 38 тұрғын қойылды, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім-25 кәмелетке толмаған мен 13 қолайсыз отбасы. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 3 жасөспірім орналастырылды.Полицейлер атап өткендей, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.