ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫН ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

776
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабын электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінде мердігер мекеме «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды.
Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Содан кейін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі.
Нәтижесінде тұрғын алаптағы 812 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылады.
Биыл Шымкентте 7 елдімекеннің электр мәселесі шешіледі. 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші 97%-ға жетеді.