ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

195

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, «Есірткісіз болашақ», «Халықаралық балаларды қорғау күні» айлығы аясында, нашақорлықтың алдын алу тақырыбында акция өткізді.

Іс-шара Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» ғимаратында өтті. Оған облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыс орталығының жастары қатысты. «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен өткен шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сондай-ақ акция барысында тәртіп сақшылары оқушылар мен жасөспірімдерге есірткіні қолданудың зияны туралы түсіндірді. Одан бөлек есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік барын ескертті.

Іс-шара соңында Түркістан облысының полицейлері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Сонымен қатар тақырыптық бағыттағы жазғы бас киім мен футболкалар таратты.