ПОЛИЦЕЙЛЕР МАҚТА ҚАБЫЛДАУ ОРЫНДАРЫНА ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН 5 ЕР АДАМДЫ АНЫҚТАДЫ

148

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне бірнеше мақта қабылдау пунктерінен мотор мен кабель сымдары ұрланып, ірі көлемде шығын келгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» тіркеліп, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері басталды.

Аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру саласының тәжірибелі қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларынан жедел топ құрылып, орын алған қылмыстарды ашу бағытында қажетті іс-шара ұйымдастырылды.

Нәтижесінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен Жетісай ауданының 4 тұрғыны, 1 шымкенттік анықталып, тергеу бөлімшесіне жеткізілді. Олардың біреуі бұрын сотты болған.

Белгілі болғандай, күдіктінің бірі Жетісай ауданында мақта қабылдау орнында жұмыс жасаған. Күдіктінің бірінен ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Айта кетсек, бұл күдіктілердің 5 жайт ұрлық қылмысына қатыстылығы расталды.

Олар жалпы 27 дана мотор мен 200 метрге жуық кабель сымдарын жымқырып, жәбірленуші тараптарға 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.