«ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ» ЖОБАСЫН ЖАНДАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

308

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденовтың тапсырмасы негізінде Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы Сейітқұл және аудандық полиция бөлімі бастығы Ғалымжан Саттарұлы Қуашбаевтың қатысуымен полицияның «сервистік моделін» қалыптастыру бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылау жиыны өткізілді.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақытжан Маханбетов өз баяндамасында аудан көлемінде сервистік модельді қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Азамат пен қоғамдастық – басты ошақ, ал қауіпсіздікті сезіну, полицияға сенім арту, қоғамдастық өмірінің сапасы тиімділік көрсеткіші саналатынын атап өтті.

Ордабасы ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың 1-кезеңінде атқарылған жұмыстары туралы Айнұр Тоғайқызы Құрмашева баяндама жасады. Полиция әртүрлі тілектерді қанағаттандырумен емес, заңға мүлдем бейтарап қызмет көрсету арқылы қоғамдық сенімге ие болуға тырысуы қажет.

Жиын барысында полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы сөз болды. Олар түрлі қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында жұмыстар жасауда. Шараға қатысушы аудан тұрғындары осы тұрғыда өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыға салды.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы жиынды қорытындылай келе, «Хочу в тюрьму» фильмінен үзінділер келтіріп, сервистік полиция — жазалаушы орган емес, халыққа көмектесуші орган. Халықпен етене жақын болып, сұраныс бар жерге жағдай жасай білейік.

Біз полиция — азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесетін және қызмет көрсететін саланың маманымыз. Сондықтан халыққа жанашыр, қорғаушы полицей болып сапалы қызмет көрсетейік. Елдің алғысына бөленіп, жауапкершілікті сезінейік деп жеке құрамға біршама міндеттер жүктеді.