МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының депутаты Хуршид Шарапов ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы бөлім басшысының орынбасары Мейірхан Қазиханов, Майдантал ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы ауылдық округ әкімі Жандос Досболов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі қаралған 2 мәселе бойынша баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы өтетін мәслихаттың кезекті сессия жұмысына бірауыздан ұсынылды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі