БАТЫР ЖАЙЛЫ БЕС ДЕРЕК

432

1.Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз теңдессіз өнерімен жер шарының 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған екен. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды. Мен деген небір мықты балуандардың мысы басылып, тауы шағылды. Қажымұқанның күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

2.Ақмола өңірінен шығып, сонау Америка құрлығы мен Еуропаны бағындырған балуанның есімі тарихта қалды.

3.Бірде Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» десе, енді бірде Мухан, «Иван Чёрный» деп атаған. Ал, 1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

4.Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болды.

5.1937 жылы Қажымұқанның ізіне түсіп, «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» — деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажымұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды.