ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КҮЗГІ ТАЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шаян елді мекенінде абаттандыру және көгалдандыру іс-шаралары аясындағы күзгі тал егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Бүгін аталған жұмыстардың барысын бақылау мақсатында аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен және аудан әкімінің кеңесші-көмекшісі Берік Тұрлыбеков елді мекен аумағын аралап көрді.
Мониторинг барысында тал отырғызу, суару және күтім жұмыстарының сапасы тексеріліп, жауапты мамандармен тиісті мәселелер талқыланды.
Шаян ауылының әкімі Жамбыл Көрікбаевқа күзгі егу жұмыстарын жандандыру, ағаштардың жерсінуін қамтамасыз ету және атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Абаттандыру бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасатын болады.








