ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТЕАТР ҰЖЫМДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ САХНАДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы, Түркістан халық шығармашылығы орталығы және Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, сатирик Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған «Театр – өмір айнасы» облыстық халықтық және үлгілі театрлар байқауы өтті.
27–28 қарашада өткен байқауға облыстың барлық аудан-қалаларынан 15 театр қатысып, қазақ сатирасы негізіндегі қойылымдарын ұсынды. Қазылар алқасы тарапынан қойылымдардың сахналық мәдениеті, актерлік шеберлігі мен режиссерлік шешімдері жоғары бағаланды.
Нәтжесінде аудан намысын қорғаған аудандық Мәдениет үйінің жанынан құралған «Темірлан» халық театры – жүлделі І орын, «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер үлгілі театры – «Жас жұлдыздар» номинациясын иеленіп, биік нәтиже көрсетті.
Бұл жеңіс – аудан өнерпаздарының кәсіби дайындықтарының, шығармашылық еңбектерінің лайықты жемісі.








