ЖАЙЫЛЫМНАН БӨТЕННІҢ МАЛЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

216

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, жайылымда арқандаулы тұрған жерінен қара түсті бұқасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 360.000 теңгені құрады. Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Жедел-іздестіру нәтижесінде бірнеше тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды. Ол Келес ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, өзінің көлігімен келе жатқан күдікті жайылымда тұрған бұқаға көзі түсіп, көлігіне тиеп әкетіп, сатып жіберген.

Тәртіп сақшылар ұрланған малды тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.