ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 1 ТӘУЛІКТЕ 14 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

136

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы Төлеби ауданында өткізілді. Басты мақсат — жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Рейдтік-профилактикалық шара барысында тәртіп сақшылары 157 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жол саласына қатыстысы 123 дерек. Ал айыптұраққа 14 автокөлік қойылды.

Көші-қон саласы бойынша құжатсыз жүрген 3 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілігі қаралды. Төлеби аудандық полиция бөлімінің есебінде тұратын 60-тан астам тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар 67 қару иесі тескеріліп, тиісті шаралар атқарылды. Полицейлер тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңдылықты сақтауға шақырады.