«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы — құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру
Түркістан қаласының тұрғындарының назарына «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы — Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бағдарлама екендігі жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Бұл жоба еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, және елдің құқықтық жүйесін нығайту мақсатында әзірленген. Жобаның басты мақсаты — құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу арқылы қылмыстың алдын алу, құқықтық ақпараттандыруды дамыту және қоғамның қауіпсіздігін арттыру. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін автоматтандыру мен цифрландыру арқылы олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындау мен қайта даярлау, біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметтерінің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту және ішкі істер органдарының қызметін реформалау арқылы халықтың сенімін арттыру болып табылады.
Жоба аясында аса ауыр және орташа қылмыстардың санын азайту үшін құқықтық және профилактикалық шараларды күшейту маңызды. Одан бөлек, қылмыстың алдын алу жүйесін жаңғырту, оның ішінде бейнебақылау жүйелерін кеңейту және құқық бұзушылықтарға қарсы жедел әрекет ету механизмдерін жетілдіру және қылмыстың алдын алу үшін қоғамды белсенді түрде тарту және азаматтардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын арттыру. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жол инфрақұрылымын жетілдіру маңызды және жолдарда қауіпсіздікті күшейту үшін заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді енгізу маңызды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған ақпараттық науқандар өткізу, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары. Табиғи және техногендік апаттардың алдын алу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жетілдіру және төтенше жағдайлар қызметін жаңғырту және материалдық-техникалық базасын нығайту бағыты бар. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту және халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету бар.
“Қауіпсіз ел” ұлттық жобасының күтілетін нәтижелері:Қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендеуі: Қоғамда құқықтық тәртіптің сақталуы және қылмыстық құқық бұзушылықтардың азаюы.Құқық қорғау органдарына деген сенімнің артуы: Азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімінің нығаюы, құқықтық тәртіптің сақталуы мен әділеттіліктің орнауы.
Жол-көлік оқиғаларының азаюы: Жол қауіпсіздігі стандарттарын жақсарту және жол-көлік оқиғаларының азаюы.Төтенше жағдайлардың санын азайту: Алдын алу шараларының нәтижесінде табиғи және техногендік апаттар мен төтенше жағдайлардың санын азайту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелілігі: Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі және қоғамдық тәртіптің сақталуы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құқықтарын қорғауға, әділ және құқықтық мемлекет құруға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына биыл 32 жыл толады. Осы аралықта бұл сала көптеген өзгерістерге ұшырады. Әлем де қазір мазасыз. Бейбітшілік пен тату көрші ұғымына сызат түсті. Сондықтан қорғанысымызды күшейтіп және оның беріктігін ұдайы нығайтып отырмасақ, болмайды. Халық тыныш ұйықтап, алдағы өміріне алаңдамас үшін Қарулы күштер заманауи стандарттарға жауап беретіндей мықты болуы керек. Сол үшін аталған ұлттық жобада Қазақстан мен оның азаматтарының мүддесін қорғаудың жаңа жолдары көрсетілген. Әлемге назар салсақ, Батыста Қарабақтағы Армения мен Әзербайжанның шекісуі, Солтүстікте Ресей мен Украина соғысы, Оңтүстіктегі Баткен облысында Тәжікстан мен Өзбекстанның атысуы, Шығыста Тайвань мен Қытайдың текетіресін көріп отырмыз. Соның бәрін ескере келе, әскери шабуылдар басқа бағыттарда да туындауы мүмкіндігін ойламаса болмайды. Дәл сол себепті қауіпсіздік біздің әскери қызметкерлер жұмысындағы негізгі басымдыққа айналды. Бұл ретте ең алдымен қару-жарақты жаңарту мәселесі алға шығады. Мұны Мемлекет басшысының өзі талай мәрте айтып та жүр.
«Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деді бұған дейінгі сөзінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әрине, Қазақстанның барлық көршілерімен тату қарым-қатынасы да, өзге елдермен арадағы әріптестігі де ынтымақты деңгейде. Алайда бұл – қамсыз отыра беруге болады деген сөз емес. Оның үстіне бүгінгі таңдағы әлемдік күрделі геосаяси жағдайында біздің әскери күштер кез келген жайтқа дайын болып, еліміздің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алуы тиіс. Дайындығы сақадай сай әскердің қорғануы да сенімді болмақ. Осы жоба аясындағы атқарылған жұмыстарды бағамдасақ, біздің әскери күшіміздің деңгейі егемендігіміз бен аумақтық бүтіндігімізді қорғауға қабілетті екенін батыл түрде сеніммен айта аламыз! Әрі бұл сала толыққанды Мемлекет басшысының бақылауында. Аталған жоба бойынша Қазақстандық Қарулы күштер тек шет елден қару мен техника сатып алып қана қоймайды, сонымен қатар отандық қару-жарақ өндірісі де дамытылады. Яғни бұл құжат арқылы қолда бар инфрақұрылымды жетілдіріп, әскери саланы цифрландыру мүмкіндігі артады. Жобаның мақсаты да сол, алдымен ел мен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; және одан тыс, қару мен оқ дәрі сақтау қауіпсіздігі де құжаттың маңызды тармақтарының біріне кіреді. Бұдан кейін қоймаларда жасалатын жарылыстарға жол берілмейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әлдеқайда кеңейтіліп, әскери ғылым жүйесі дамытылады, ғылыми-эксперименталды база жетілдіріле береді. Осыған қоса, әскери қызметтегі кадрларды дайындау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ жобадағы келесі маңызды мәселенің бірі – әскери күштерді жаңғырту. Соңғы жылда әскери техника паркі мен қару-жарақ арсеналы айтарлықтай жаңартылды.