“ХАЛЫҚТЫҢ АУЗЫНДАҒЫ ТІЛЕГІН АЙТҚАНДАЙ КӨРІНДІ МАҒАН..”
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:
“ХАЛЫҚТЫҢ АУЗЫНДАҒЫ ТІЛЕГІН АЙТҚАНДАЙ КӨРІНДІ МАҒАН..”
Президенттің мақаласын оқыдыңыз ба? Оқып отырғанда осы тақылеттес ойларды күнде естіп жүргендей, күнде оқып жүргендей сезімде болдыңыз ба? Дежавю. Мемлекет басшысы халықтың ауызында жүрген тілегін, естігісі келіп жүрген елдің сөзін айтқандай көрінді маған. Сондықтан да құдды бір таныс екпін, таныс сөздер естілгендей.
Әділетті қоғам. Тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан ешбір қайыр жоқ.
Тарихты зерттеу. Ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. Сондықтан Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс.
Шекара. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды.
Жер. Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды.
Ішкі көші-қон. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағжай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе.
Қандастар. Соңғы жылдары түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз.
Мемлекеттік тіл. Мәселе – ниетте. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Түсіне білген адамға астарлы месседждер өте көп. Ұлттық рух пен мемлекетшілдік бояуы қанық, басты ұстанымдары анық мақала. Оқыңыздар!