ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 90 КЕЛІДЕН АСТАМ ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕДІ
Браконьерлік пен заңсыз балық аулау деректерінің алдын алуға бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Шардара-Келес» тас жолында күдік тудырған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарын тексеру кезінде полицейлер Шардара ауданының тұрғынының көлігінен 90 келіден астам заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 400 метр балық аулау торларын тапты. Белгілі болғандай, ер адам Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.