Депутаттар «Turkestan-Arena» мекемесінің жұмысымен танысты

92

2024 жылғы 9 қаңтар күні Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған бір топ депутаттар «Turkestan-Arena» стадионының қызметімен танысты. 

​Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев және «Turkestan-Arena» стадионының директоры Б.Нұрманов депутаттарға мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырып, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

​Халық қалаулылары стадионның негізгі бөлігі 7000 орынға арналған футбол алаңын, сонымен қатар спорттық гимнастикаға, акробатикаға, боксқа, ауыр атлетикаға және йогаға арналған залдарды көрді және спорт саласы қызметкерлерімен пікір алмасты.

​Өз кезегінде, мекеме директоры Б.Нұрманов депутаттарға футбол алаңының дренаж жүйесін реттеу және алаңға жылыту жүйесін орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар, Б.Нұрманов UEFA  талабы бойынша 12 000 көрерменге арналған орны бар футбол алаңдарында ғана халықаралық футбол ойындарын өткізуге рұқсат берілгенін айта отырып,«Turkestan-Arena» стадионының оң және сол жақ беттерінің ашық тұрған жерлеріне 5000 көрерменге арналған орындықтар қосумәселесін көтерді.

Сондай-ақ, мекеме басшысы спортшы балаларды спорттық жарыстарға шығаруға мүмкіндік алу және спорт залдарында жасөспірімдерді спорттың бірнеше түрлерімен шұғылдандыру үшін «спорттық инструктор» штаттарын «жаттықтырушы» штатынаауыстыруға ықпал етуді сұрады. 

​Жалпы, заманауи жабдықталған стадиондепутаттардың көңілінен шығып, алдағы уақытта өңірдің айнасына айналған мекеменің дамуына өз қолдарынан келгенше қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.