ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕМІР АРМАТУРАНЫ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

143

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, үйінің ауласында тұрған өзіне тиесілі 3 дана темір арматураны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Істі ашуға жылдам кіріскен тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Тыңғылықты тексеру нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын жас жігітті болып шықты. Күдікті жігіт ұрлық жасағанын мойындады.

Сақшылар қолды болған темір арматураны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.