МАҚТААРАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
Жас ұрпақтың есірткі мен нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру және есірткіге қарсы тұруды санасына түпкілікті орнықтыру мақсатында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізілді.
Мәселен ауданның орталық алаңында жастардың қатысуымен «Біз-есірткіге қарсымыз» атты флешмоб ұйымдастырылды. Сондай-ақ алаңға жиналған жұртшылыққа есірткі қылмыстарының алдын-алу, жолын кесу, болдырмау бағытында жаднамалар таратылды, соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сонымен қатар Мақтаарал агро-бизнес колледжінің студенттерімен «Есірткі қоғамның дерті» атты семинар өткізілді. Онда жастар арасында нашақорлықтың зияны мен зардаптары тақырыбында сұхбаттар жүргізілді. Білім алушылар арасында «Спорт — нашақорлыққа қарсы» атты спорттық-эстафеталық ойын өткізілді.
Одан бөлек Мақтаарал ауданының орталық көшелерінде есірткіге қарсы мазмұндағы жалпы 7 баннер мен билбордтар орнатылды. Айта кетсек, бұл бағыттағы шаралар аудан полицейлерімен өз жалғасын таба бермек.