«ЖЕР АЛЫП БЕРЕМІН» ДЕП ТҰРҒЫННЫҢ 2.000 000 ТЕҢГЕСІН АЛДАП АЛҒАН КҮДІКТІ ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

148

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған сырттай таныс ер адам «жер алып беремін» деп, қызметі үшін 2.000 000 теңге ақшасын алып, екі жыл бойы алдап келген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынды алдап, ірі көлемдегі қаржыны қалтасына басқан күдікті ер адамды ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті шараларды атқарды. Нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адамның бұрын осындай қылмысы үшін істі болғаны анықталды.Қазіргі таңда оған қатысты осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.