ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 215 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

244

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды.

Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді.

Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр.

«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 215 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде  шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба,  жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды.

Шымкент қаласы кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша елімізде алдыңғы озық қалалардың қатарында.

Айта кетсек, «Іскер қала» өңірлік бағдарламасының ерекшелігі  жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер алуға болады.