ШЫМКЕНТТЕ 350 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛЫНУДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТІК ЖАС КӘСІПКЕР 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА

162

Қазір Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы  ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.

Жоба бойынша нысанның  5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға  құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

ШЫМКЕНТТІК ЖАС КӘСІПКЕР 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА

Шымкенттік жас кәсіпкер Дінмұхаммед Күмісбек небәрі 22 жасында 10 адамды  жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкер есік, тапсырыспен баспалдақ және жиһаз дайындайтын шеберхана ашқан. Жұмысшылардың жалақылары істеген жұмыс көлеміне қарай орташа есеппен айына 250 мың теңгеден асады. Кәсіпкердің айлық табысы 2 миллион теңгеге жуық.

Іскер жігітке жаңа мүмкіндіктерді ашуда жастарға арналған жеңілдетілген несиенің көмегі тиген. Дінмұхаммед Күмісбек 2,5 пайызбен алған 5 миллион теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Тауарларын әлеуметтік желі парақшасы мен дүкен арқылы сатылымға шығаруда. Қазірдің өзінде тұрақты сатып алушылары бар.

Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені  мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 3/3