САУРАНДА 8000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңа Иқандықтар көптен күткен көгілдір отынға қосылып, қуаныштары еселенді күні кеше. Мемлекет басшысының Қазақстан аймақтарын газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында аталмыш жоба жүзеге асырылуда. Газды қосу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты.
– Міне, көптен күткен Ибата ауылына көгілдір отын – газ келді. Осы нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілді. Ендігі жерде Сіздер қыс басталғанға дейін газ кіргізуді қолға алу қажет деп санаймын. Газ негізінен экологиялық таза отын, алдағы уақытта елді мекен халқының әл-ауқатын дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, – Зулфухар Жолдасов.
Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз үшін 2020-2021 жылдары арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – «Күмбез Констракшн» ЖШС-гі. Жоба бойынша 44 көше газ құбыры тартылған.
Ибата елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 2 031,503 млн теңге.
Ал, Ойық елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 341,982 млн.теңге.
Тұрғындар алдында сөз сөйлеген:– Биыл ұлттық компания 19 елді мекенді газға қосты. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асырудың арқасында Ибата ауылының 8 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Сонымен Түркістан облысында 14 ауданның 13-і газдандырылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сауран өңірінің Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді мекендерін қосу жоспарлануда, – деді Санжар Жаркешов.
Ибата ауылының тұрғыны Дильназа Дилматинованың бүгін қуанышынша шек жоқ. Жаз айын ала бере қысқы отынның қамына кірісетін бұл отбасы биыл көгілдір отынға қосылды. От шағып, күл шығарудың машақатынан құтылды.
— Ауылымызға көгілдір отын келгеніне ерекше қуаныштымыз. Осыған дейін отын жарып, көмір жағып күнелтіп келген ауыл халқы енді газдың игілігін көретін болады. Шаңырағымыздың жылуы артып, түтіннен тазарып қалғаны көңіліге жылулық сыйлайды. Басшыларға үлкен алғысымды білдіремін,- деді Дильназа.
Ауданында 36 елді мекен болса, оның 8 елді мекені тауарлық газбен қамтылған. Басқа елді мекендерге Президент тапсырмасына сәйкес, кезең-кезеңімен газ құбыры тартылады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі