ҚАМҚОРЛЫҚ ҺӘМ ҚУАНЫШ!

166
 «Мектепке жол» республикалық дәстүрлі науқаны Сауран ауданында ұйымдастырылды. Мемлекеттік білім беру қорынан 578 оқушының ата-аналарының есепшоттарына әр балаға 40 567 тенгеден бөлінді. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 112 оқушы мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Дәстүрлі науқанға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев арнайы қатысып, бүлдіршіндерге оқуда озат болып, үлгілі оқушы атануларына тілектес екенін жеткізді.
 — Әрбір бала үшін мектепке дайындық бұл ерекше сәт. Өкінішке орай, бәрінің де мектепке қажетті заттар сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді. «Мектепке жол» акциясына қатысып, көмек көрсеткен барша демеушілерге үлкен алғысымды білдіремін. Мұндай игі істер жыл бойы жүргізіліп, қайырымдылық көмектер жалғасады деген сенімдемін.
Жаңа оқу жылында Сауран ауданында 4 мектеп пайдалануға беріледі. Оның үшеуі жеке меншік мектеп. Сонымен қатар 5 «жайлы мектептің» құрылысы басталды. Акцияда ️Кәсіпкерлер тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, мектеп формасы, спорттық киім, оқу құралдарын төмен бағада сатылымға шығарды.