Бірқатар инвестициялық құрылыс жобалары таныстырылды

675

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен инвестициялық штабтың кезекті отырысы онлайн түрде өткізіліп, жиында бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларының да таныстырылымы өтті. Оның ішінде «Шымкент ақпараттық технологиялар университеті» ғылыми және білім беру инновациялық кешенін салу жобасы ұсынылды. Кешен ақпараттық технологиялар бойынша ғылыми база ретінде жасақталып, лабораториялық зертханалар ашылмақ. Мұнда 6 мың студент білім алып, жатақханамен қамтылмақ. Кешенде 600 адам еңбек ететін болса, оның 400-ден астамы – отандық және шетелдік ғалымдар болмақ.

Кешен жобасымен жіті танысқан қала әкімі М.Әйтенов бұл жобаны құрылысы қарқын алған Тұран шағын ауданында орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.