Шымкент: Қаратау ауданының тұрғындары республикалық байқауға жолдама алды

448

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата – ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ағымдағы жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында аудандық кезеңі өткізіліп, аудандық іріктеу сынынан сүрінбеу өткен 4 үздік отбасы қалалық кезеңге жолданған болатын.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі қалалық комиссияның шешімімен Қаратау ауданы «Қайтпас» шағынауданы тұрғындары қалалық кезеңнің жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

Осы орайда, әр ауданнан қатысқан үздік 4 отбасыға да қала әкімі атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды.

Айта кетейік, ережеге сәйкес аталған конкурсқа еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатысады.