Шымкент: Қаратау ауданындағы топырақ жолға шағал тас төселуде

682

Қаратау ауданында топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қаратау ауданы аумағында жалпы 1272 көше бар, ол 1110 шақырымды құрайды. Оның ішінде 483 көше асфальт жол болса, 735 көшеге шағал тас төселген. Қалған 45,7 шақырым болатын жол топырақ көшелер, бұл 54 көше.

Осы жылы аталған топырақ көшелердің барлығына шағал тас төселетін болады. Бұл жұмыстарды «Атырау Group» ЖШС-гі атқаруда.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Парманов

шағал тас төсеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау мақсатында жұмыс барысын қадағалады.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемемен бірлесе шағал тас төсеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажет екенін және барлық жұмыстар аудан әкімінің жеке бақылауында екенін назарға алды.