“Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы, Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы және жоба жетекшісі — Ерсұлтан Әмірбек ұйымдастыруымен “Рахмет саған, дәрігер!” әлеуметтік жобасы бастау алды.
«Рахмет саған, дәрігер!» атты байқауының ережесі
Осы ереже Шымкент қалалық «Рахмет саған, дәрігер!» байқауының (әрі қарай — байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.
1. Байқаудың мақсаты:
1.1. Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Щымкент қаласындағы медициналық мекемелердің жетістігін жариялау, журналист қаламгерлер және блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы үшінші мегаполистің денсаулық сақтау саласындағы 30 жылдағы жетістігін насихаттау, үздік аурухана, емхана, жедел жәрдем қызметі мекемелерінің үлгілі ісімен бөлісу, Шымкенттің медицина саласының оң иммиджін қалыптастыру. Сондай-ақ, “Рахмет саған, дәрігер!” байқауында Шымкент қаласындағы ақ қалатты абзал жандардың еңбегі туралы позитивті ақпарат тарату, тікелей репортаждар жасау т.б. осы бағытта өз үлесін қосушы дәрігерлерді әлеуметтік желі қолданушыларының үздік жұмыстарын анықтау және оларды ынталандыру.
2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, қала тұрғындары, журналистер мен блогерлер, медициналық мекемелер, баспасөз орталықтарының мамандары тағы басқалар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысу үшін: — Байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, пост, телеочерк, фотосуреттер, бейнероликтер мен слайдттар, сэлфи және т.б) әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялануы қажет; — үміткерлер әлеуметтік желіде. “Рахмет саған, дәрігер!!” тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы қажет;
2.3. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:
— мәтіндік материалды «Рахмет саған, дәрігер!” сөздерінен бастау;
— материалды жариялау жиілігі аптасына (жеті күнде) 1 жазбадан кем емес, жалпы жазба саны 30-дан кем болмауы тиіс; — материалдың/жазбаның көлемі 100 символдан кем болмауы тиіс; — мәтіндік материалға суреті бар мақала жайлы хабарды қосу; — тақырыптық суретті қатар бекіту; — Аты, тегі, әкесінің аты көрсеткішінде келесі форматында #РахметСағанДәрігер хэштегін қолдану; -Фейсбукте «Рахмет саған, дәрігер!” тобына тіркеліңіз — байқау атауын, логотип суретін қоса жариялау қажет.
2.4. Байқауға 2021 жылдың 12 сәуірінен 20 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.
2.5. Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, бөлісуі көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2021 жылдың 20-21 маусымға дейін тапсырылуы тиіс.
2.6. Байқау жұмыстары мемлекеттік тілде қабылданады.
2.7 “Рахмет саған, дәрігер!!” байқауына қатысушы үміткерлердің #РахметСағанДәрігер
#NurOtan
хештегі арқылы әлеуметтік желідегі жолданған үздік жазбалар, суреттер мен бейнетүсірілімдер топтамасы әлеуметтік желі арқылы насихатталады.
3. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
3.1. Жеңімпаздарды айқындау Байқау Ұйымдастырушысы түзген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссиясының құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және дәрігерлер кіреді.
3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырламаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі.
3.3. Байқау материалдарын талдау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады: – материалдың/жазбаның байқау мақсатына сәйкестігі; – материалдың/жазбаның әсерлілігі және дұрыс бағыты; – посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.
3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар берумен анықталады, сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үздік үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.
3.5. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге
1-орын үшін сыйақы көлемі – 200 000 теңге; 2-орын үшін сыйақы көлемі – 150 000 теңге; 3-орын үшін сыйақы көлемі – 100 000 теңге; Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, ынталандыру сыйақысы тағайындалады.
3.6. Байқаудың қорытындысы 2021 жылы маусым айында Медицина қызметкерлері кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.
3.7. Марапаттау рәсімнің өткізілетін жері және күні алдын ала жарияланатын болады.
3.8. Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Байқау өткізушілердің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
4. Авторлық құқықтар Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін Байқауға жұмысын жіберген қатысушы толық өз мойнына алады.
Ақпараттық серіктес: Қазақ радиосы, Шалқар радиосы, Оңтүстік телеарнасы, Оңтүстк радиосы, Нар тв телеарнасы, “Шымкент келбеті” газеті мен Республикалық “Уақыт” газеті, “Еркін ой” газеті, “Жаңа Қазақстан” газеті, “Шымкентфильм” студиясы, “ARA24.kz”, ”Oinet.kz”, ”MediaON.kz”, ”Темірқазық-Ой” газеті, “ЗАҢНАМА” газеті, “Рейтинг” газеті, ”Ғажайып Қазақстан-2050” журналы, “Smart top” ақпараттық агенттігі, “Оrda.kz”, “ONinfo.kz”, ”Didarbek.kz”, ”Newqazaq.ks”, «Күнгей.kz» сайты.
Ұйымдастыру алқасы:
8-778-222-22-97
Электронды пошта; ontoi@mail.ru
© 2020. Ara24.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық танымдық, сатиралық сайт