ТҰРАН АУДАНЫНДА СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ ҚАРАТАУЛЫҚТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ АТСАЛЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Күз мезгілінің алғашқы сенбісінде өткен тазалық шарасына мемлекеттік қызметкерлер, мектеп пен өзге де мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлік нысандарының иелері мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.
Мәселен, Тұран ауданының өзінде қаланың, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын 3 мыңнан астам азамат сенбілікке қатысып, айналаны күл-қоқыстан тазартты.
Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, Тұран ауданының аумағында өткен сенбілікке 10 арнайы техника, атап айтқанда, 6 қоқыс таситын жүк көлігі, 2 қоқыс салғыш трактор мен 2 автокран тартылған.
Сенбілікке қатысушылар айналаны қоқыстан тазартумен шектелмей, ағаштардың қураған бұталарын кесіп, ретке келтірді.
Бүгін Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған игілікті шараға Қаратау ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер және аудан әкімдігінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты.
Атап айтар болсақ, «Қаратау» КММ-інен — 130, ал, аудан әкімі аппаратынан — 70 қызметкер және 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында аудандағы табиғат жанашырлары орналасқан кәсіпкерлік нысандарының аумағын, гүлзарлар мен саябақтарды, қоғамдық орындарды, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аралдықтар бүгін санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.