«ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК» ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

203

Ерекше жандар үшін Қазақстан кедергісіз кеңістікке айналғалы қашан. Өмірге құштар адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Оларды қоғамға бейімдеу үшін өткеріліп жатқан шаруа қарқынды. Осы мақсатта Сауран ауданында ерекше жандарға арналған «Жігерлі жүрек» кешенді іс шаралар фестивалі өткізілді. Ұйымдастырушы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Оранғай спорт кешенінде ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «Шапағат» қайырымдылық қорының төрағасы Е.Шалтан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы М.Мамуджанова, ардагерлер ұйымының төрағасы С.Ахметов, фестивальға қатысушыларды құттықтады.

-Өмірге құштар жандарға қолдау көрсету қоғамның басты міндеті. Қолдау дегеніміз – тек материалдық тұрғыда емес, рухани демеу көрсету. Қайырымды адам деген – сіз бен біз. Сондықтан да сіздерге сүйеу болуға әрқашан даярмыз. Бүгінгі фестивальға қош келдіңіздер. Бүгін шын жүйріктердің асығы алшысынан түссін деген тілек білдіремін,- деді Ербол Ұласбекұлы.

Фестивальда ерекше жандар спорттың 4 түрінен командалық топпен бақ сынасты. Тартысты өткен ойында, шын жүйріктер аламан доданың төрінен көрінді. Волейбол ойына бойынша І- орынды Сауран ауданының құрама командасы иемденді. Ал ІІ-орынды Шорнақ ауылы алса,

ІІІ- орын Оранғай ауылына бұйырды. Ал әйелдер арасындағы қол күресте

І-орынды С.Ражапова, ІІ-орынды А. Абуова қанжығасына байлады. ІІІ-орынды Ж.Исабекова мен М. Базарбаева тең бөлісті. Ерлер арасындағы қол күрестен

І- орын З. Абдиев, ІІ- орын Б.Курманкожаев, ІІІ- орын А. Атабаевқа бұйырды.Қазылар алқасының шешімімен стол теннисінен

І-орын Б.Мамадкаримке, ІІ-орын Е.Амангелдіге, ІІІ-орын Е. Сайфуллаға берілді.

Мұндай фестивалдар ерекше жандардың түйткілді мәселелеріне қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік ағымдвғы жылы ауданда «Әлеуметтік қызметтер орталығы» мекемесінде «Тең қоғам» бөлімшесі іске қосылған болатын. Ол жерде күнделікті 10-15 адамға 7 бағытта қызмет көрсетуде. Фестиваль соңында жеңімпаздарға демеушілер есебінен арнайы жүлде мен сыйлықтар берілді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі