КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

366

Келес ауданының әкімі, комиссия төрағасы Ақментай Есбаев жиынға төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Келелі бас қосуға аудан прокуроры Б.Сейфолла, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қаныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде комитеті Түркістан облысы бойынша басқармасының 2022 жылдың 6 айының қорытындысымен өңірдегі қылмыстылықтың жай-күйіне талдау хаты және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша мониторинг нәтижесі туралы Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Болат Қаныбеков баяндама жасады. Аудан басшысы баяндаманы тыңдай келе мал және пәтер ұрлығын алдын алу бойынша жұмыстарды ширату керектігін атап өтті.

«Аудан тұрғындарының табыс көзі мал және егін шаруашылығына тікелей байланысты екені анық. Ауыл тұрғындарымен апта сайын кездесуімізде көтерілетін маңызды мәселенің бірі осы мал және пәтер ұрлықтарына қатысты болып отыр. Осы мәселені алдын алу бойынша рейдттік шараларды күшейтуге басымдық беру керек. Бұл жұмыстарға аудандық тиісті дербес бөлімдер мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдіктері жұмылдырылатын болады» — деді өз сөзінде А.Есбаев.

Жиын барысында аудан прокуроры Б.Сейфолла әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша көрсеткіш төмендігіне тоқталып, сол бойынша жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, «Сақшы сарбаз» бағдарламасына азаматтар санын көбейтуге ұсыныс беріліп, аталған жұмысшы топты мал ұрлығын алдын-алу бағытына жұмылдыру керектігі айтылды.