СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

309

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін, қауіпті табиғи құбылыс. Қауіптің алдын алу үшін түрлі шаралар жоспары түзіліп, халыққа түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Аудандық мәжіліс залында су тасқынының алын-алу, қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде селекторлық жиналыс өтті.

Сонымен су тасқыны кезінде халық не істеу керек?

Кідірместен қауіпсіз ауданға немесе аймақтың ең биік жеріне барыңыздар;

Өздеріңізбен бірге құжаттар мен керекті заттарды алып, оларды су өткізбейтін пакетке салыңыздар, сонымен қатар бұзылып кетпейтін тамақ өнімдерінің екі күндік қорын да алуды ұмытпаңыздар;

Үйден шығарда электр қуаты мен газды өшіріп кетіңіздер;

Егер уақыттарыңыз болып жатса, үлкендерге үйдің бағалы заттарын жоғарғы қабаттарға немесе түрғын үй шатырының астына апаруға көмектесіңіздер;

Көмек келгенге дейін немесе судың басылуына дейін жоғарғы қабаттарда және ғимараттардың шатырларында немесе басқа да биік жерлерде болыңыздар. Мұнымен қатар апат дабылын беріп тұрыңыздар;

күндіз — көзге түсетін шүберекті ағаш сапқа іліп алып, қайта-қайта бұлғап тұрыңыздар;

түнде — жарық дабылын беріп тұрыңыздар және оқтын-оқтын айқайлап дауысыңызды шығарып тұрыңыздар;

басқа жағдайларда — от жағыңыздар, жалау көтеріңіздер, автокөліктің дыбыс дабылын қолданыңыздар және т.б;

Құтқарушылар келген кезде үрейсіз және әбігерліксіз, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралына барыңыздар. Мұнымен қатар құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз орындаңыздар. Су басып қалған ауданнан мына себептер болған жағдайда ғана өз бетінше шығуға болады;

Медициналық көмек көрсету қажеттілігі;

Жоғарғы қабаттарды (шатырлардың астыларын) су басып қалу қаупі кезіндегі су деңгейі көтерілуінің жалғасуы;

Сонымен қатар сіздердің сенімді жүзу құралдарыңыз болуы керек және сіздер жүзу бағыттарыңызды білулеріңіз керек. Матадан жасалған қапты бос пластикалық бөтелкелермен толтырып, қолдан жүзу құралын жасауға болады. Егер сіздер суда болсаңыздар, онда суға батпайтын кез келген заттардан ұстаныңыздар;

Апат дабылын беруді тоқтатпаңыздар (қол шам, ысқырғыш).

Егер сіздерді судан алып шықса, міндетті түрде киімдеріңізді сығып, қайтадан киіп алыңыздар. Өздеріңізді суықтан сақтаңыздар! Су тасқынынан кейін не істеу керек?

Ғимаратқа кірмес бұрын, оның құлау немесе қандай да болмасын заттардың құлау қаупі бар ма жоқ па, соны тексеріңіздер;

Ғимараттың ішін желдетіңіздер (жиналған газ иістерін жою үшін);

Электр жарығын қоспаңыздар, ашық от көздерін қолданбаңыздар, үйдің ішін толық желдеткенге дейін және газбен жабдықтау жүйесін тексергенге дейін сіріңке жақпаңыздар;

Үлкендерден электр жабдықтарын, газ, су құбырларын тексеруді сұраңыздар. Мамандардың тексерісінен кейін ғана оларды қолданыңыздар;

Бөлмелерді кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашып тастаңыздар, еден мен қабырғаларды батпақтан тазалаңыздар, суды ағызып жіберіңіздер;

Тұрып қалған шалшықтарға құрамында хлор бар сұйықтықтарды құйыңыздар;

Осы қағидаттарды қатаң сақтау ескертіледі.