МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛДІ

936
Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді.
Қаулыда көрсетілген талаптар қатаң сақталуы талап етіледі. Және коронавирустық инфекция мен пневмонияның вирустық түрі анықталған азаматтар, үйлерінде оқшауланған отбасылар 14 күндік карантин режимін бұзуға жол бермеуі қажет. Бұл жөнінде аудан құрамында құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен тұратын жедел мобильді топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын атқарады. Карантин тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік шара қарастырылып, бекітілген көлемде айыппұл салынады.