Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

579
1 наурыздан бастап Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ға артады», – делінген хабарламада.