БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

124

Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында Сауран ауданының балалары үшін Түлкібас ауданындағы «Жансая» лагері жұмыс жасайды. Ол жерде балалардың жазғы демалысын сапалы да қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

«Жансая» лагері үш ауысымда жұмыс жасайды. Лагерьде 28 маусым күні бірінші ауысым басталды. Оған Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 300 бала қамтылды.

Лагерьді ұйымдастырудағы басты мақсат– жаз мезгілінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, балалардың тұлғалық қабілетін арттыру, жасөспірімдерде кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу, жаз мезгілінде балалардың сауықтыру демалысын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Балалар аталмыш лагерьдегі демалыс уақыттарын қызықты өткізіп, жаңа достармен танысып, түрлі ойын-сауықтарға қатысып, өздерін жайлы сезініп, бір сөзбен айтқанда жазғы демалыс күндерін қызықты өткізуде. Оқушылар алдағы жаңа оқу жылына жаңа тың қарқынмен барарына сеніміміз мол!

«Сауран-ақпарат».