ҚАЛА ӘКІМІНІҢ СЕКТОРДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАР ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?

211

137 тапсырма жүктелді. Оның орындалу барысы қалай?

Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлардағы кездесуі барысында тиісті бөлім басшыларына 137 тапсырма жүктеген болатын.

Бүгінде аталған тапсырмалар бойынша бөлімдерде тұрғындармен жеке-жеке кездесулер өткізіліп, жұмыстар жүргізуде.

Тапсырмалар бойынша жер саласы бойынша – 5 мәселе көтеріліп, оның 3 орындалды. Екі тапсырма орындалу үстінде.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 9 тапсырма тіркеліп, 4-і орындалып үлгерді. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй кезегі бойынша қойылған. Сауалдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

58 тапсырма – Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне берілген. Қазіргі таңда тапсырмалардың — 17-і орындалған, 30 тапсырма орындалу үстінде.

Жүктелген міндеттер бойынша тазалық жұмыстары жасалып, көгалдандыру саласы мен электр бағаналарын ауыстыру жүзеге асырылды.

Жол бөліміне артылған тапсырма саны – 43. Ол бойынша бүгінде жүйелі жұмыстар жасалуда. Аялдама тапшылығы айтылып, аяқ жол салуды сұраған тұрғындар өтініші бойынша жұмыстар жасалуда.

Түркістан қаласының инфрақұрылым жүйесін жақсарту мақсатында, 2021-2022 жылдар аралығында 216 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарланған болатын. Қазірде 216 көшеде толығымен құрылыс жұмыстары аяқталды.

124 көшеде жарықтандыру жүйесі толығымен іске қосылып, 92 көшені электрмен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.

Одан бөлек, шаһар аумағындағы 51,3 шақырым құрайтын 42 көшеге аяқжол салу қолға алынды. Жұмыс басталғалы 20 көшеде аяқжол төселді. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін арттыру үшін жыл басынан бері 760 жол белгісі қойылды.