ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

164

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудандық этномәдени орталық өкілдерімен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Құрамында «Сауран аудандық өзбек этномәдени» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрбанбай Рысбеков, «Жанубий Қозоғистон» облыстық газетінің бас редакторы Райымжан Алибаев, аталмыш газеттің меншікті тілшісі Шамырза Мадалиев болды. Қабылдауда аудандық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрбанбай Рысбеков аудан көлемінде мәдени орталықтың атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Кездесу барысында Серік Өмірханұлы ауданда 10-нан астам өзге этнос өкілдері тату-тәтті тұратындығын және бірлесе жұмыстар атқаратындығын жеткізді. Елімізде барлық ұлт пен ұлыстың өз мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілін сақтауға жағдай жасалған. Мәселен, ауданымызда жалпы саны — 46 мектеп болса, соның 21-і аралас мектептер. Осындағы оқушылар бір үйдің баласындай білім алуда. Одан басқа өңіріміздегі барлық азаматтар тең дәрежеде еңбек етіп, жұмыс жасауда. Міне, осының барлығы біздің ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасы деп білеміз.

Жиын соңында этномәдени орталық өкілдері уақыт бөліп, қабылдағаны үшін аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевқа алғысын білдірді.