САУРАНДЫҚТАР САБЫРЛЫ СЕНАТОРЛАРДЫҢ САРАБДАЛ САЯСАТЫНА СЕЛКЕУСІЗ СЕНУДЕ
Сауран ауданының орталығы Шорнақтағы елімізге әйгілі «Алтын сапа» сыйлығының 2022 жылғы «Халыққа арналған үздік тауар» республикалық көрмесінің жеңімпазы «Хабибулла ата» дара кәсіпкерлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек қоғамдық ұйым өкілдерімен, кәсіпкерлермен, ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесуді Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Қадырбек Болатұлы Мұрат сегізінші сессияның бірінші алғашқы жүз күндігінде қабылданған заңдар мен халықаралық шарттарға, депутаттардың сауалына тоқталды. Бұл мәселе Сенаттың арнайы сайтында толыққанды қамтылғандықтан біз оқырмандарымызға кездесуге қатысқан белсенділердің сұрақтары мен өңірге танымал, Қазақстанның «Ауыл» партиясының төрағасы, сенатор Әли Әбдікәрімұлы Бектаевтың жауаптарына тоқталғанды жөн көрдік.