ЕЛБАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК САЯЖАЙЫ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

120

Шорнақ Түркістанмен қатар түлейді деп ашылғанда мақтандық. Қатар түлемек түгілі, қалып бара жатырмыз. Одан кейінгі бір ұсынысымыз. Ардагерлер, зейнеткерлер, ақсақалдардың тағы бір ұсынысын айта кеткім келіп отыр. Сыбайлас жемқорлықты қайтарудан түскен қаржыға Оранғай ауылдық округіндегі бұрынғы Елбасының президенттік саяжайын реттеп алсақ. Қазір аудандағы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі 2016 жылғы кезекте тұрғандарға облыс арқылы «Мерей» шипажайына арда жеті жыл өткен соң ғана жолдама беріп жатыр. Жылда зейнеткерлер қосылып жатыр. Бір ҰОС ардагері, 247 тыл ардагерлеріміз бар. «Батыр» аналарымыз, көп балалы аналарымыз көп. Сол саяжайды облыстық деңгейдегі зейнеткерлер, ардагерлер мен көп балалы аналарға арналған саяжай етуге ықпал етсеңіздер дұрыс болар еді.