ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ

136

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарға төмендегідей мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:

-Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету ;

-Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну;

-Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету;

-Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну.

Мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне — халыққа қызмету орталықтарына, Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінішпен және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектің жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты қызметкерлеріне өтінішті қабылдау кезінде:

1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3)ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне берген өтініштеріңіз негізінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарына және қызметтердің 4 түріне тапсырыс бере алатыныңызды хабарлаймыз.

Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе.

Портал арқылы келесі қызмет түрлеріне тапсырыс бере аласыз:

  1. оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
  2. санаторлы-курорттық емделу қызметтерін көрсету;
  3. ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
  4. жеке көмекшінің қызметтерін көрсету;
  5. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын https://aleumet.egov.kz/ сілтемесі арқылы табуға болады.

Порталды ЭЦҚ кілтіңіз арқылы өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана аласыз.

Қосымша ақпаратты алу үшін: Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Алтынсарина көшесі №24 үй.

Байланыс сымтетігі: 8-778-370-05-31, 8-700-789-73-70, 8-702-789-7370.

Д.МЫҢБАЙ,

Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.