ТРАМАДОЛ: ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҒЫ

245

Трамадол – психотроп анальгетик боп есептеледі. Яғни қатты ауруды сезбеу үшін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Препаратты дәрігердің нұсқауымен ғана онкология ауруы бар науқастарға беріледі.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен трамадол дәрісі есірткі құралдарының тізіміне енгізілген. Аталған дәрі-дәрмекті лицензиясыз сатқандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Паллиативтік онкологиялық науқастар үшін ауырсынуды жеңілдету мәселесі. Осы тақырып аясында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен жиын өтті. Жиынға медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қалалық Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері мен қаламыздағы медициналық мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында мамандар

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 қаулысымен «Трамадол» дәрілік затының Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің ІІІ кестесінің психотроптық заттарға жатқызылуы, олардың жаратылуының заңдылықтары, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде рецепттермен босату және туындайтын проблемалық мәселелер жөнінде талқылады. Сондай-ақ жиналғандарға емдеу мекемелерінде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға қажеттілікті айқындау, шығару, сақтау және есепке алу, сондай-ақ шикізатты, материалдарды, материалдардың қалдықтарын, үлгілерді, қалдықтарды, жартылай өнімдерді жою жөнінде кеңінен түсіндірілді.