МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

185

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды.

Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап өтсек:

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;

Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағңы №151 «Сауран ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №166 «Сауран ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшермелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Сауран аудандық филиалының 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі туралы;

Қазсушар» ШЖҚ Түркістан филиалының 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі туралы;

Сауран ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі