АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

193

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралды. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарына жауапты мамандары қатысты.

Алдымен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов жер қатынастары саласындағы жоспарлы жұмыстардың орындалауы бойынша баяндады. Онда 2022 жылы орындалған жоспарға сәйкес, 60 мың га жер учаскесін әр ауылдық округтің теңгеріміне бекітіп, мемлекеттік сәйкестендіру актісін алу, ауылдық округтерде жер қыртыстарын бүлдіру фактілерінің (мия қазу, балыққа деп қазып тасын сату, заңсыз карьер, ор қазу) орын алуы, ауылдарға тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген алаңшаны дайындау және босату, Түркістан облысының жер ресуртары департаментінің 2023 жылғы жерді қайтару бойынша қойған жоспары, ауылдық округтерде жер учаскелерінің кезекшілік картасын әзірлеу жоспары туралы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев хабарлама жасады. Бөлім басшысы үш жақты келісім-шарттың орындалуы (болжамды инвестициялық жобалар, оның ішінде тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестициялар тарту), мал шаруашылығы, су нысандары (су нысандарының жай күйі, құжаттандыру деңгейі), ветеринариялық нысандарды құжаттандыру, күзгі дала жұмыстарының барысы (жер айдау, күздік бидайдың егілуі, шитті мақта терімі, мақта өңдеу зауыттарының шитті мақтаны күнделікті қабылдауы), жанар-жағармайдың шаруаларға босатылуы, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша кеңінен баяндап өтті.

Жиналысты қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегендігін айтып, бөлім басшыларына, жауапты мамандарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі