ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

132

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілген болатын.

Осы жоспарға сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының «Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімінің бас инспекторы Ляззат Халмуратова Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округі аппаратында тұрғындарға қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимаратқа кіріп-шығу қолайлығын зерделеп, қоғамдық бақылау шараларын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған арнайы шақырту батырмасы мен пандус орнатылғаны, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Бақылау нәтижесінде, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.