ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ – САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

62

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасы болмасын халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған жаңа Жолдау, елдің дамуына да біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мәслихат өз алдына жеке институт ретінде қалыптасты. Мәслихат депутаттары бюджетті бекітетін, қарастыратын, оны қадағалайтын органдардың біріне айналды.

Бұл жыл еліміздің саяси өміріне көптеген өзгерістерімен, жаңа бастамаларымен келер күнге үміт ұялатып отырғаны жасырын емес. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрған қазақ елінің ендігі ұраны – ашықтық. Уақыт өткен сайын құндылықтар айқындалып, мемлекет дамуы үшін қажеттіліктер айқындала бермек. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы еститін болды.

Райымжан Әлібаев,
Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы