АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

169

«АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының бекітілген жұмыс жоспар кестесіне сай Ескі Иқан ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауды «АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков және Сауран аудандық мәслихат депутаты Шарапов Хуршид Бахтиярұлы жүргізді. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер:

1) Ескі Иқан ауылдық округіндегі Бастапқы медициналық, санитариялық көмек көрсету орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

трансформатор орнату;

2) Ауылдағы артизандарды іске қосу,

3) Жаңа Иқан көшесіндегі жаңадан салынған үйлерді құжаттандыру;

Жол белгілерін орнату;

4) Ауылдағы ішкі көшелерге тас төсеу, жол салу мәселесі

6) “Шаңырақ” көшесі бойындағы 72 сотық жерге спорт және балалар алаңшасын салу және басқа да мәселелер қозғалды.

Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрген, Сауран аудандық мәслихат депутаты Шарапов Хуршид кездесуде көтерілген әрбір мәселеге тоқталатынын жеткізіп, алдағы уақытта мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын атап өтті.